Бұлтты және мобильді технологиялар 3 курс 5 семестр

Обзор

Информационные технологии Количество модулей - . Преподователь - Sagi Issayev.

Мақсаты: Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді бұлтты және мобильді технологиялардың негіздерімен таныстыру, олардың негізгі принциптері, қызметтері және қолдану салаларын зерттеу. Студенттерге бұлтты есептеулер мен мобильді қосымшаларды әзірлеу құралдарын үйрету, бұл технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдануды үйрету.

Міндеттері:

Бұлтты және мобильді технологиялардың негізгі тұжырымдамалары мен архитектураларын түсіну.
Бұлттық қызметтердің (SaaS, PaaS, IaaS) түрлерін зерттеу және олардың ерекшеліктерін ажырату.
Мобильді қосымшаларды әзірлеудің негізгі кезеңдері мен құралдарымен танысу.
Бұлтты және мобильді технологиялардың қауіпсіздік аспектілері мен мәліметтерді қорғау әдістерін үйрену.
Бұлтты технологиялар мен мобильді қосымшаларды қолдану арқылы жобаларды жасау.Лабораториялық жұмыстар: Лабораториялық жұмыстар барысында студенттер:

Бұлттық қызметтерді пайдаланып, виртуалды серверлер мен деректер қоймаларын орнатуды үйренеді.
Мобильді қосымшаларды құрастыру және бұлттық қызметтермен біріктіру жолдарын тәжірибе жүзінде жүзеге асырады.
Білімді бағалау:

Лабораториялық жұмыстарды орындау.
Курстық жоба, онда студенттер бұлттық немесе мобильді технологияларды пайдаланып нақты жоба құрады.
Қорытынды емтихан.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді аяқтағаннан кейін студенттер:

Бұлттық және мобильді технологиялардың негізгі принциптерін біледі.
Мобильді қосымшаларды құрастыра алады және оларды бұлттық қызметтермен интеграциялауды үйренеді.
Бұлтты технологиялар мен мобильді жүйелерді пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын түсінеді.
Бұлттық және мобильді технологияларды қолдана отырып, шағын жобалар жасай алады.

Зарегистрируйтесь чтобы записаться