Деректер қорын жобалау негіздері
Обзор
Информационные технологии Количество модулей - . Преподователь - Sagi Issayev.
Деректер қоры теориясының негізгі түсініктері. Деректер қорының технологиялары. Деректердің физикалық және логикалық тәуелсіздігі. Деректер модельдерінің типтері. Реляциялық деректер моделі. Деректер қорын жобалаудың негізгі кезеңдері. Деректер қорының тұжырымдамалық дизайны. Деректер қорын қалыпқа келтіру. SQL тілінің негізгі түсініктері. Деректер типтері, оператор синтаксисі, кестелерді өзгерту, құру, жою. Деректерді өңдеуге арналған операторлар. SQL көмегімен деректерді таңдау бойынша сұраныстарды ұйымдастыру. SQL–де деректерді сұрыптау.
Пәннің мақсаты
«Деректер қорын жобалау негіздері» пәнін оқытудың мақсаты-студенттерде деректер қорын (ДҚ) жүзеге асырудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын алумен байланысты кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері
Пәнді оқытудың міндеттері: тақырып саласына талдау жасауды үйрену; тұжырымдамалық жобалауды меңгеру және ДҚ мәні мен атрибуттарын анықтауды үйрену; ER-диаграмма түрінде ДҚ инфологиялық моделін жасауды үйрену; деректер қорын физикалық жобалау кезінде теориялық білім және практикалық дағдыларды алу); ДҚ даталогиялық моделін жасауды үйрену.