Топонимика
Обзор
Информационные технологии Количество модулей - . Преподователь - Джармуханбетова Дана Байсериковна Джармуханбетова Дана Байсериковна.
Географиялық атауларды, олардың шығу тегін, мағыналық мәнін және оларды әртүрлі білім салаларында қолдану үшін айтылуын, ірі орографиялық, гидрографиялық объектілердің, елді мекендердің топонимдерін білу.
Пәнді оқу міндеттері:
-топонимиканың ғылым жүйесіндегі орнын көрсету, аталған саладағы ғылыми ойдың даму тарихы, ғылымның принциптері мен әдістері туралы білім қалыптастыру, топонимдерді жіктеудің қолданыстағы схемаларын зерттеу, студенттерді әртүрлі топонимикалық фактілер мен құбылыстармен таныстыру және олардың қазіргі әлемдегі рөлін түсіну. Бұл курста топонимика мәселелері бойынша заманауи идеялар жүйеленіп, жалпыланған. Курстың негізгі теориялық-әдіснамалық құрамдастарымен қатар Қазақстан Республикасының топонимиясын біріздендіру арнасында қолданбалы топонимикалық зерттеулердің қазіргі заманғы бағыттарына шолу беріледі.
Осы курсты аяқтағаннан кейін сіз келесі қабілеттерге ие боласыз:
Географияны оқытуда қолдану үшін географиялық атауларды (топонимдерді), олардың шығу тегін, мағыналық мәнін және айтылуын, оларды әртүрлі білім салаларында пайдалану үшін, оның ішінде;ірі орографиялық, гидрографиялық объектілердің, елді мекендердің, әкімшілік-аумақтық бірліктердің топонимдерін білу. Топонимияның қолданбалы аспектілерін оларды шет тіліндегі географиялық атаулардың транскрипциясымен практикада қолдану үшін түсіну.
Табиғи ландшафттарды, халықтың шаруашылық қызметінің сипатын, этникалық тиістілігін білу үшін топонимдерді қолдану; ұлттық және өңірлік өзіндік ерекшелік пен бірегейлікті көрсететін мәдени мұраны сақтау үшін жергілікті халықтардың географиялық атауларын талдау.