Жасанды интеллект технологиялары 3 курс 5 семестр
Обзор
Информационные технологии Количество модулей - . Преподователь - Sagi Issayev.
Пәннің мақсаты:
«Жасанды интеллект технологиялары» пәнінің негізгі мақсаты – студенттерге жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы негізгі ұғымдарды, әдістерді және құралдарды таныстыру. Бұл пән студенттерге ЖИ алгоритмдерін, модельдерін және олардың нақты өмірдегі қолданылу салаларын түсіндіре отырып, ЖИ жүйелерін құру мен басқарудағы негізгі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Пәннің міндеттері:
Пәннің негізгі міндеттері – студенттерге машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілдерді өңдеу, компьютерлік көру, деректерді талдау сияқты жасанды интеллект әдістерін үйрету. Сонымен қатар, студенттерге осы технологиялардың түрлі салалардағы қолданылуын зерттеу, ЖИ жүйелерін жобалау, тестілеу және жетілдіру бойынша тәжірибелік дағдыларды дамыту міндеттеледі.